384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семей полигонының жабылуы қарусыздану қадамына бастау болды

  • 3536

Осыдан 25 жыл бұрын әлем қауіпсіздігі үшін ең маңызды қадам жасалды.

1991 жылдың дәл осы мезгілінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Семей ядролық полигонын жабық деп жариялап, жаһан жұртын мүмкін болған алапат қасіреттен құтқарды. Сөйтіп, халықаралық қауымдастықты қарусыздану қағидасына үндеді. Содан кейін, жер шарындағы бірнеше ядролық полигон жабылып, сынақтарды жүзеге асырмау туралы келісімшартқа қол қойыла бастады.

Алексей Пилько, Еуразиялық коммуникациялық орталық директоры:

- Семей полигонының жабылуы қарусыздану қадамына бастау болды. Яғни, Қазақстан қауіпсіздікті орнатып, бейбітшілікті үндеп, әлемге үлгі көрсетті. Себебі, бұл мемлекет ядролық ең үлкен күш-қуатқа ие болатын. Тіпті, Қытай, Франция, Ұлыбритания сынды елдермен бір қатарда тұрды.

Дмитрий Журавлев, Аймақтық мәселелер институтының бас директоры:

- Қазір Семей полигоны бейбітшілік символына айналды. Оған осындай жоғары баға берілді. Полигонның жабылуы соңғы 30 жылда болған ең маңызды оқиға екені анық.

Хабар 24 телеарнасы