376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Флорида штатының солтүстігіне «Эрмин» дауылы соқты

  • 732

Бұл – соңғы 11 жылда штат аумағында болған алғашқы дауыл. Табиғи апатқа байланысты АҚШ-тың үш штаты – Джорджия, Флорида және Солтүстік Каролинада төтенше жағдай жарияланды. Сағатына 130 шақырым жылдамдықпен соққан жел электр желілерін үзіп, 300 мың үй жарықсыз қалған. Метеорологтар су тасу қаупі бар екенін де ескертіп отыр. Жағалауға биіктігі екі метрлік толқындар соққан. Кейбір аудандарда тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Губернатор Ұлттық ұлан сарбаздарын дайындыққа келтіру жөнінде арнайы бұйрық шығарды.

Хабар 24 телеарнасы