386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Медицинадағы Нобель сыйлығы жапон ғалымына берілді

  • 1404

Биылғы жылдың медицина саласындағы Нобель сыйлығы жапон ғалымы Йошинори Осумиге берілді.

Бұл туралы Стокгольмдағы Нобель комитетінің отырысында белгілі болды. Ең жоғарғы ғылыми атақ оған аутофагия тетігін ашқаны үшін табысталды. Жасуша ішінде түзілген зиянды заттарды жою үдерісін осылай атайды. Ғалым – Токио Технологиялық университетінің биологы. 71 жастағы қария аутофагия тетіктерін өмір бойы зерттеп келеді екен. Бұл еңбек рак сияқты қатерлі ауруларды емдеуге көмектеседі. Қалыптасқан дәстүр бойынша Нобель сыйлығы иегерлерін марапаттау рәсімі 10 желтоқсанда өтеді. Биылғы сыйақы мөлшері 8 миллион швед кронасын, яғни 953 мың долларды құрайды.

Хабар 24 телеарнасы