375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Алтын адам» астықты аймақ Қостанайдағы мұражайға қойылды

  • 1011

«Алтын адам» астықты аймақта.

Тәуелсіздіктің басты символы – Қостанайдағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайына қойылды. Естеріңізге сала кетейік, «Ұлттық музей сенің қалаңда» атты мәдени саяхат еліміздің батысынан бастау алып, бұған дейін байтақ Қазақстанның 12 облысында болған. Шара мақсаты - халқымыздың бай тарихы мен мәдениетін бұқараға кеңінен насихаттау. Қолға түсе бермес құнды мұраны тамашалау тегін.

Әнел Кемал, ҚР Ұлттық музейінің экскурсия жүргізушісі:

- Елбасының айтқан сөзі бар. «Өткеніңді білмей болашағыңды бағдарлай алмайсың» деген. Әрбір қазақстандық осы Тәуелсіздіктің ең басты символы, республикамыздың брендімен таныс болуы тиіс. Әр детальдың өзіндік айтар ойы бар, келген қонақтардың барлығын 4 келі алтында, 4 мыңға жуық әшекейдегі күллі Сақ дәуірінің мәдениетімен таныстыратын боламыз. 

Хабар 24 телеарнасы