381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеуде «Имя, ставшее эпохой» кітабы таныстырылды

  • 983

Жазушы Николай Зеньковичтің жаңа туындысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы арқау болған.

Ресей ғалымдары, журналистер мен жазушылар ТАСС ақпараттық агенттігінде жаңа кітаптың тұсауын кесті. Мұнда Тұңғыш Президенттің өмірі мен оның бастамаларына әлем көшбасшыларының берген бағасы баяндалады. Сондай-ақ, Елбасының мұрындық болуымен жүзеге асқан жаһандық тарихи оқиғалар жайында да жазылған. Мәселен, Елбасы бастамасымен Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы, Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей мен Түркия президенттерінің уағдаластыққа келуіне қосқан үлесі айтылады. 

Николай Зенькович, кітап авторы:

- Мен кітап жазарда барлық оқиғаны ескердім. Өткен ғасырдың соңына, яғни Нұрсұлтан Назарбаевтың бүкіл өмір жолына бүгінгі көзқараспен қарауға тырыстым. Осы ретте жаһандық және Қазақстанның саяси құрылымының өзгеруінен туындаған жаңа кезеңдерге көз жүгірттім. Нұрсұлтан Әбішұлы жаңа мемлекет құрды. Ал, оның құрылу жолы үлкен қызығушылық тудырады.

Виктор Садовничий, М.В.Ломоносов атындағы ММУ ректоры:

- Сақа саясаткер, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітапты таныстыру рәсімі өтті. Мен оны оқып шықтым. Өте әсерлі жазылған. Мұндағы әрбір оқиға мен ақпарат Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты.

Хабар 24 телеарнасы