389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада Сырдарияның қос жағалауын жалғайтын көпір салынды

  • 1302

Ұлы даланың ұлық мерекесінде Сыр еліне тамаша тарту жасалып, дарияның оң және сол жағалауын жалғайтын жаңа көпір ашылды.

Ұзындығы – 387 метрлік 4 жолақты өткел құрылысын 26 айда аяқтаған мердігер мекеме енді 5 жыл кепілдік міндетін атқарады. Өзен үстінен салынған 9 тіреуішті көпір кемінде бір ғасыр ел игілігіне жарауы тиіс. Келер жылдан бастап дарияның арғы бетіндегі мың жарым гектар аумаққа 11 шағын аудан, 40 балабақша және 20-дан астам мектеп салынады деп жоспарланып отыр. Жоба бойынша, сол жағалауға жүз мыңдай адам қоныстанады.

Марат Бәйімбетов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Жалпы көпір құрылысында 80 пайыз отандық өнім материалдар қолданылды. Жегілікті 150 адам жұмыспен қамтылды. Бұл көпірдің жүк көтерімі 180 тоннаны көтереді.

Хабар 24 телеарнасы