422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетаудағы техникалық институт курсанттары ерекше флешмоб ұйымдастырды

  • 735

Өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды дайындайтын Қазақстандағы жалғыз техникалық институт курсанттары ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай арнайы флешмоб ұйымдастырды.

Көкшетауда орналасқан оқу орны мерекелік шара барысында түрлі жекпе-жек тәсілдерін көрсетіп, қару-жарақпен әдіс-амалдар жасады. Қазір аталған білім ордасында 400-ден астам курсант 3 мамандық бойынша білім алып жүр. Ал 1997 жылы жоғары оқу орны атанған оқу ордасы содан бері 3 мың 700-ден астам жоғары кәсіби мамандар дайындап шығарған. Қазір олар республикамыздың түкпір-түкпірінде халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүр.

Әділет Серік, курсант: 

- Мен және осы Көкшетау техникалық институтының курсанттары баршамыз осы «Ұлы дала елі. Тәуелсіздіктің 25 шағы» атты іс-шараға өте күрделі дайындықтан өткен болатынбыз. Осы дайындықтың нәтижесінде осындай көптеген өз өнерімізді көрсетіп, барша халыққа паш етіп отырмыз. Осы іс-әрекетімізді Қазақстан еліне, Қазақстан Тәуелсіздігіне арнап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы