389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеуде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай марапаттау рәсімі өтті

  • 1228

Мәскеуде қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттілігінің қалыптасуына зор үлес қосқан белгілі қайраткерлерді Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Марат Тәжин, академик Виктор Садовничий, Ресей тауар өндірушілер одағының президенті Олег Сосковец, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тайыр Мансұровқа мерейтойлық медаль салтанатты түрде табыс етілді.

Виктор Садовничий, М.В.Ломоносов атындағы ММУ ректоры:

- Бұл марапат мен үшін Қазақстан мен Ресей, сондай-ақ Қазақстан мен Мәскеу университетінің арасындағы достығының нышаны. 25 жылдың ішінде осы достықтың арқасында талай жетістіктерге куә болдық. Мәскеу университетінде мыңдаған қазақстандық студенттер оқып жатыр. Астанада филиалымыз бар. Жақында Астанада біздің университеттің қатысуымен ғылыми-зерттеу орталығы құрылды.

Олег Сосковец, Ресей тауар өндірушілер одағының президенті:

- Тәуелсіз Қазақстанның 25 жыл ішінде жеткен жетістіктері мен қойған мақсаттары ел басшылығының шебер және дәйекті түрде жүргізіп отырған саясатының арқасында жүзеге асты.

Хабар 24 телеарнасы