424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары конституциялық реформалар жөніндегі бастаманы қолдайды

  • 1642
  • UPD: 11:33, 04.02.2017

«Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияда білім алып жатқан стипендиаттар Елбасының конституциялық реформалар жөніндегі бастамаларын қолдайды.

Олар билік тармақтары өкілеттіктерін қайта бөлу арқылы оң өзгерістерге жол ашылатыныдығына сенімді. Студенттер биліктегі күрделі реформалар нәтижесінде «жауапкершіліктің» терең мағынаға ие болатынына қуанышты. Сыни ойлай білетін және өздігінше ақпарат іздей алатын жастар билікте тепе-теңдік сақтау - барлық мемлекеттерде бар құбылыс екендіктерін айтады.

Бексұлтан Әбдіжәліл, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты:

- Шетелде білім алып жатқан жастар үшін елде болып жатқан кез-келген жаңалық өте маңызды. Елбасының конституциялық реформаларға байланысты үндеуін біз де ұйып тыңдадық. Бұл парламент пен үкіметке үлкен жауапкершілік жүктейді және демократиялық қоғамымызды одан әрі жетілдіре түседі. «Болашақ» бағдарламасымен білім алып жатқан жастар бұл бастаманы бір ауыздан қолдайды. Өйткені бұл біз үшін, біздің болашағымыз үшін керек. Және оның жемісін де көретін күн алыс емес деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы