367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана күні жоғары деңгейде атап өтіледі

  • Read 625 times
  • Media
Астана күні жоғары деңгейде атап өтіледі

Бүгін бас шаһарымыздың 20 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде атап өтіледі.

Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына бірегей мерекелік бағдарлама ұсынылады. Күміс көмей әншілер мен мың бұралған бишілер мерекелік шаралардың көркін қыздырып, көпшіліктің көңіл-күйін көтеруге атсалысады.

Бүгін сахна төрінде танымал жұлдыздар ғана емес, қарапайым ел тұрғындары да өнер көрсетеді. «Жастар» сарайының жазғы сахнасында караокеден «Бәрі де ән салады» атты ашық чемпионат өтеді. Оқ бойы озып шыққандарға қала әкімінің кубогы табысталады. Сондай-ақ «Бәйтерек» монументінің алдында The Spirit of Astana халықаралық фестивалі басталады. Заманауи этникалық музыка концертіне әлемнің 20 елінен келген 120 өнерпаз қатысады. Олар жанды дауыста керемет туындылар орындап, өз елдері туралы танымдық интерактивті фильмдер көрсетеді.

Нарима Мұхамбеталина, қалалық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары:

- 20 жылдықта өткізетін шараларға келсмек әрине бұл шаралар көп, ауқымды және маңызды. Негізі Астананың 20 жылдығының тойлануы өткен жылдың желтоқсанның 10 басталып, осы ағымдағы жылдың аяғына дейін жалғастырылады. Осы күнде өткізетін шаралар өте көп. Халықаралық Балалар шығармашылық «Шаттық» атты фестивалі. Және де жылда-жылда өткізетін халықаралық көше би фестивалі интернешнл стрит данс атты.

Бұдан бөлек қала тұрғындары мен қонақтары Венгриядан келген этно-би ансамблінің концертін тамашалай алады. Бірегей шара Есіл жағалауындағы амфитеатрда ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, дәл осында кішкентай көрермендерге арналған «Кел шырқайық, балақай!» концерті өтеді. Спорт сүйер қауымның да назарына көптеген мерекелік шаралар ұсынылады. Олардың қатарында оқ атудан Астана қаласының ашық Чемпионаты бар.

Бекболат Байжанов, ҚР МСМ спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары:

- 6 шілде күні «Қазанат» ипподромында біздің ұлттық спорт түрлері, ат спорт түрлерінен чемпионат болып жатыр қазір. Соның финалды этаптары, аламан бәйге және ұшқыр бәйге, екі бәйге болады. Жүлде қоры 20 млн құрайды. Сонымен қатар 6 шілде күні «Дәулет» спорт кешенінде каратэ кикушинкайдан Астананың 20 жылдығына арналған халықаралық жарыс болады.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері ел тұрғындарын қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады. Мереке күндері сала өкілдері күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Сабыр Жүсіпбеков, қалалық ІІД басшысының орынбасары:

- Мереке күндері 3 жарым мыңнан астам полиция және Ұлттық ұланның 1600 әскери қызметкері қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді. Гала-концертке келушілер қатаң тексеріледі. Көрермендерге пиротехниканы, ішімдікті, шыны және металл ыдыстағы өнімді алып өтуге тыйым салынады. Сондай-ақ әншілер өнер көрсететін орындарда заттарды лақтыруға, қоршауларға, жарық беретін құрылғыларға мінуге болмайды.

Ал кешке «Қазақ Елі» монументінің алдында отандық және шетелдік әртістердің қатысуымен гала-концерт өтеді. Аспан астындағы музыкалық шоу бес сағатқа жалғасады. Бұдан бөлек, қонақтар Бейбітшілік және келісім сарайы аумағында болатын мерекелік отшашуды тамашалайды.

Авторлары: Айнұр Ақылбайқызы, Руслан Алиев

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы