Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 136
368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақ балалары сапалы оқулықты қашан пайдаланады?

  • 612
  • UPD: 11:44, 21.09.2018

Адамдарға бауыр басып қалған тырна. Ауыл тұрғындары дала құсына неге алаңдаулы?

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Twitter@91Aidarbek:

- Тірлік түзелсе де, оқулық оңар емес. Қазақ балалары сапалы оқулықты қашан пайдаланады? «Түркістан» газетінің тілшісі осы тақырыпқа қалам тербепті. Айта-айта жауыр болған мәселе. Мақалада: «баланың жас ерекшелігін, ойлау жүйесін, қарым-қабілетін ескермейтін оқулықтардың тілі ауыр, тапсырмасы түсініксіз», - делінген. Бұл ата-аналардың шағымы. Үзіндіге үңілейік.

«Қызым 1-сыныпқа барды. Аузынан ана сүті кеппеген, 6-ға енді толатын балаға «Картадан ғұндардың қоныс аударған жерлерін көрсет», «Африка қай жерде?» деген тапсырма берілген. 6 жастағы бала дүниежүзі картасымен қалай жұмыс істейді? «Ата мен апа» дегенді енді жазып үйренетін бала бұл картаны қалай түсінеді? Бұл жас ерекшелігіне сай ма? Меніңше, мұндай ақпарат беру ертерек».

 

Қазақстандағы бидайдың сапасы неге төмен?

Қазір Қазақстанда күзгі дала жұмыстарының қызған шағы. Бірақ бидайдың сапасы неге төмен? Бұл туралы астықты аймақтың «Солтүстік Қазақстан» газетінде мақала шығыпты. Онда: «егіс топырағының құнарлылығы күрт төмендеп кетті, диқандардың тыңайтқышты қолданбайды» деген себептер жазылған. Сапа да содан. Оқып көрейік.

«Егін жинау науқанына да кірістік. Бұрындары айтатынымыздай, «астық үшін шайқас» басталды. Бірақ бүгінгі жағдайда біз қаншалықты ұтамыз? Алдымен бидайдың сапасынан бастайық. 80-жылдары біз жыл сайын 3 млн тоннаға жуық құрамындағы балауызы 25%-дан жоғары 1-2 санаттағы бидай өнімін алатынбыз. Қазір тіпті ең жоғары өнімге қол жеткізген жылдардың өзінде 10 есе аз мөлшерде астық жинап жүрміз. Ал биыл жоғары сапалы бидайдың үлесі одан да аз болады деп күтілуде».

 

Қостанайлықтар сұр тырнаның тағдырына алаңдаулы

Чаппи жылы жаққа қайта ала ма? Қостанай облысындағы Кеңарал мен Ленин ауылдарының тұрғындары сұр тырнаның тағдырына алаңдаулы. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газеті жазып отыр. Дала құсы былтыр күздің қара суығында үйіріне қосыла алмай, ауылда қалып қойған. Мұса Айсаұлы деген кісі оны қолына алып, қыс бойы бағып шыққан.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Twitter@91Aidarbek:

Сұр тырна ауылдықтарға әбден бауыр басып қалған. Оны тұрғындар Чаппи дейді. Чапии елді мекенді емін-еркін кезіп, ешкімнен қорықпайды. Енді жұрт қолға үйренген құстың жылы жаққа кетуіне уайымдап отыр. Үзіндіге зер салайық.

«Тырна жазда өзінің сыңарын да таппаған сыңайлы. Егер үйірге ілеспесе, оған туған жерде қыстап шығу қиын болады. Далада қалған тырнаны ит-құс жеп қоя ма, əлде табиғатқа ашкөздене қарайтындардың құрбаны бола ма деп ойлаймын», - дейді Мұса Айсаұлы.»

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Twitter@91Aidarbek:

- Чапии ұшпаса, тағы да ауылда қыстап қалатын түрі бар. Қош. Мақаланы толық оқып шығуға кеңес беремін.

 

Осы категория бойынша: « Желге шашылған қаржы. 120 миллион теңгелік гүл қоқысқа тасталды Баспасөзге шолу. Үңірейген құдықтар үрейді алды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы