384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

  • 1157
  • UPD: 11:57, 16.04.2017

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі православтар қауымын Пасха мерекесімен құттықтады. Православтар мен католиктердің биыл бір мезетте атап өтуі мейрамның мәні мен маңызын арттыра түскенін атап өткен Елбасы көпұлтты Қазақстанда барлық адамдар Пасха мен басқа да діни мерекелерді жылы қабылдайтынын жеткізді.

«Бұл бірегей дәстүр біздің қоғамымыздың татулық, достық және келісім құндылықтарымен бекемделген бірлігін айшықтай түседі. Бүгінгі таңда барлық конфессиялардың бір-бірін сыйлауға және ашық пікірлесуге негізделген жемісті ынтымақтастығы Қазақстанның ерекше мақтанышы. Ежелгі Пасха мейрамы – жаңғырудың, ізгі үміт пен игі істер жасауға талпыныстың нышаны. Осының барлығы түбегейлі өзгерістерді жүзеге асырып жатқан еліміздің қазіргі даму кезеңімен үндесіп жатыр», делінген Елбасы құттықтауында.

Мемлекет басшысы жарқын мерекеде барша қазақстандықтарға денсаулық, отбасыларына амандық, игі бастамаларына табыс тіледі.

Хабар 24 телеарнасы