369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Н.Назарбаев: Ғарышқа ұшу 2050 жылға таяу үйреншікті кәсіпке айналуы мүмкін

  • 490
  • UPD: 20:29, 01.12.2018

Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушылары математикалық сауаттылық жағынан Канада, Финляндия тіпті АҚШ-тағы құрдастарынан озық. Яғни әлемде үздіктердің қатарына кіреді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы дала мұрагерлері» атты форум барысында айтты. Ауқымды шара «Назарбаев мектептері» дербес білім беру ұйымдарының 10 жылдығына арналды.

Назарбаев зияткерлік мектептерінде «білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген қағидаға жарқын мысалдар көп. Оқушылардың дені елімізді цифрландыру процесіне қомақты үлес қосып келеді. Виртуалды ғылыми зертханалар, мобильді қосымшалар, түрлі кәсіпті өздігінен атқара алатын роботтар, тізе берсек мектеп шәкірттері ойлап тапқан тың жобалардың тізімі ұзын сонар.

Рауан Мыңбаев, тілші:

- Назарбаев зияткерлік мектептерін 10 жылдың бедерінде 8 мың оқушы тәмамдады. Солардың арасында отандық ғылым саласына соны жетістік енгізген өрендер жетіп артылады. Бүгін президент назарына таныстырылған көрмеде солардың бір парасын көруге болады. Мәселен, мұнай құбырларын тазалауға арналған робот жұмысы өте қызықты. Оның авторы Назарбаев мектебінің 11-сынып оқушысы Қуаныш Мәден.

Білім беру ұйымдарының 10 жылдығына орай «Мектептерге күн энергиясы» жобасы іске қосылды. Оның жай-жапсары президентке таныстырылды. Сол арқылы Астанадағы физика-матемикатика бағытындағы мектепке күн панельдері орнатылып, баламалы қуат көзін пайдалану ісі басталды. Жалпы дербес білім беру ұйымдарының түлектері түгелдей дерлік жоғары оқу орындарына түсіп, білімін Қазақстан ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде жалғастырды. Алды еңбекке араласып та кетті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Зияткерлік мектептер еліміздегі орта білім берудің ең жоғарғы эталонына айналды. Еліміздің барлық мектептері сіздерге қарап бой түзейді. Барлық Қазақстанда ашылған 20 мектепті бүгінге дейін 8 мың оқушы бітіріп шықты. Мұнда қазақша айтқанда мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шыққандар ғана түсе алады.

Зияткерлік мектептерде қала ғана емес, ауыл өрендері мен аз қамтылған отбасы балаларына да білім беріліп, жалпыға бірдей жағдай жасалады. Әр оқу ордасы өзіндік бағыт-бағдар бойынша жұмыс істейді. Қазірдің өзінде, математикалық сауаттылық жағынан білім беру ұйымы әлемде үздік ондыққа кіреді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Өздеріңіз білесіздер. Өңір-өңірді аралағанда мен бұл мектептерге кіріп шығуды мен жақсы көрем. Сонда шалғай ауылдан балалардың келіп жатқаны, мүмкіншілігі аз жанұядан келіп жатқаны, кейде жетім балалардың келіп жатқаны, өздерінің білімін осы мектепке түсіп жатқаны қуантады. Бұл жерде басқа таңдау жоқ. Тек ғана білім.

Цифрлық технологиялар күн өткен сайын дамып келеді. 2050 жылға қарай әлемде 500 млн-ға жуық адамның жұмысын роботтар атқарады. Қазіргі қолданылып жүрген технологиялар сол заманда артта қалып, ғарышқа ұшудың өзі үйреншікті кәсіпке айналуы мүмкін.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті:

- 2050 году Казахстан должен войти в 30 самых развитых стран мира. Значит и мы должны жить как они. В лучших условиях. И у нас такое образование должно быть качество. Поэтому необходимо усилить стим подготовки учашся. Обеспечить интеграцию знаний, практически применений через выполнение практических работ.

Назарбаев мектептерінде енді төртінші тілде де білім беру басталады. Ол уақыт талабы. Әрі Қазақстан экономикасын жетілдірудің жолы. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Знать иностранные языки в условиях глобализации стало жизненно необходимым, а не роскошью. Владение языками открывает пониманию менталитета и культуру других людей. Позволяет расширить возможности выбора при получений высшего образований и трудоустройста. Вы можете выбрать любой язык самый распространенный английский, на втором месте испанский язык. Но для нас очень важно китайский язык. С которым мы имеем огромный объем торговли наравне с Россией.

10 жылдық мерейтой зияткерлік мектептерін жетістікке жетелейтін тағы бір белестің басталғанын білдіреді. Алға қойған мақсат-міндет ауқымды. Ұлы дала мұрагерлерінен күтер үміт көп.

Абылай Сатылхан, Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі:

- Аса мәртебелі Елбасы. 17 жыл бұрын еңселі елордада Астанада сіз тұстауымды кескен едіңіз. Мен бүгін әулетімнің тұмары секілді әрдайым төрде ілініп тұратын мына суретті өзіңізге ала келдім. Сіз мені көтеріп, азамат бол деп бата беріпсіз. Мен осы мативациямен өмір сүріп, мықты азамат болып, елім үшін қызмет етуге уәде беремін. Рахмет сізге.

Назарбаев мектептерінің дамуы жалғаса береді. Алдағы уақытта жаңа білім ошақтары да бой көтеруі тиіс. Сондықтан Елбасы мен оқушылар 50 жылдан кейінгі ұрпақ үшін уақыт капсуласын қалдырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- 2068 жылғы ұрпаққа арналған. Қазақта 50 жылда ел жаңа деген сөз бар. Ол кезде сендер әлі жас боласыңдар. Ол кезде жаңа технология болады. Адам деген 100-120 жыл жасайтын болады. Сондықтан сол кезде Құдай бұйыртса көресіңдер. Ашасыңдар да, мына хатты көрсеңдер. 

«Ұлы дала ұрпақтары үшін әлемде жалғыз ғана Отан бар. Ол Қазақстан. Сондықтан осы Отанды көркейтіп, тәуелсіздігі мен егемендігін біліммен де білекпен де қорғау - бүгінгі ұрпақ парызы»,- деді Президент. Форумнан соң Мемлекет басшысы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесінің ғылыми-зерттеу кешеніне барды. Мұнда Президентке электрондық және атомдық-күш микроскопиясы, робот техникалары мен зияткерлік жүйелер, сондай-ақ энергетикалық ғарыштық зертхана жұмысы таныстырылды. Айта кетейік, бұл «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесі инфрақұрылымының бір бөлігі. Кешенде инженерлік-техникалық 117 зертхана жұмыс істейді.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Ержан Қанапияұлы

Осы категория бойынша: « Мемлекет басшысы «Назарбаев Университеті» ДБҰ ғылыми-зерттеу кешеніне барды Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы