384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Республика бойынша сайлаушылардың 12,8% дауыс берді (сағ. 10:00)

  • 148
  • UPD: 12:45, 09.06.2019

Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат ондағы жағдай бойынша, еліміздегі дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 12,8% өз таңдауын жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте айтылды. Әзірге саяси науқанға Ақмола облысының тұрғындары белсенді атсалысып жатыр. Сағат 10:00-ге дейін өңір азаматтарының 20,5 процені дауыс беріп үлгерді. Өзге өңірлерде де белсенділік жаман емес. Жамбыл облысы тұрғындарының 18,5%-і, ал Алматы облысы азаматтарының 17,7%-і дауыс беру туралы азаматтық құқығын пайдаланды.

Олардың ішінде:

Ақмола облысы бойынша – 20,5 %

Ақтөбе облысы бойынша – 16,0 %

Алматы облысы бойынша – 17,7 %

Атырау облысы бойынша – 8,5 %

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 15,5 %

Жамбыл облысы бойынша – 18,5 %

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 7,4 %

Қарағанды облысы бойынша – 10,1 %

Қызылорда облысы бойынша – 11,1 %

Қостанай облысы бойынша – 12,8 %

Маңғыстау облысы бойынша – 9,7 %

Павлодар облысы бойынша – 11,4 %

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 14,2 %

Түркістан облысы бойынша – 14,5 %

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 10,3 %

Алматы қаласы бойынша – 4,1 %

Шымкент қаласы бойынша – 11,9 %

Хабар 24 телеарнасы