389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қорғаныс министрлігі: Жаяу операция адамдар үшін үлкен тәуекел әрі қатер төндіреді

  • 420
  • UPD: 14:15, 24.08.2019
Қорғаныс министрлігі: Жаяу операция адамдар үшін үлкен тәуекел әрі қатер төндіреді

ҚР Қорғаныс министрлігі Тянь-Шань тауында жоғалған қазақстандық альпинистерді іздеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқандығын мәлім етті.

Ведомствоның мәліметінше, қазақстандық әскери қызметшілер  жоғалған альпинистерді іздеп, Победа шыңын 14 рет айнала ұшып өткен. Іздеу жұмыстары 5 100-ден 6 000 метр биіктікке дейінгі аралықта жүргізілген, деп хабарлайды Қазақпарат. 

«Тау шатқалына барынша жақын келу аралығы 70 метрді құрады. Іздеу-құтқару операциясының жетекшісі Василий Пивцовтың айтуынша, көзбен шолу, сонымен қатар тепловизор пайдалану арқылы қарау еш нәтиже бермеген. Тірі адамдардың ешқандай белгісі немесе мүрде табылмаған. Бұған қоса, ол жаяу операция мақсатқа сай келмейтіндігін айтып отыр. Себебі аталған ауданда қар көшкінінің орын алу қаупі сақталуда. Бұл бағдарға шығатын адамдар үшін үлкен тәуекел әрі қатер  төндіреді. Қазіргі уақытта әскерилер Қарқара лагерінде», - деп атап өтеді министрліктен.

Хабар 24 телеарнасы