384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы ғаламдық көшбасшылар альянсын құруды ұсынды

  • 253
  • UPD: 13:57, 12.11.2019

«Ядросыз әлем құру үшін ғаламдық көшбасшылар альянсын құру керек». Бүгін елордада өткен «Астана» клубы отырысында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пленарлық жиынға әлемге белгілі саясаткерлер, қарусыздандыру ісінің белсенділері, халықаралық құрылымдардың қазіргі және бұрынғы жетекшілері қатысты. Арасында Нобель сыйлығының иегері де бар. Елбасы жиында Біріккен ұлттар ұйымының сессиясында жариялаған «Әлем. 21-ғасыр» манифесін еске салды. Әсіресе, осы халықаралық құрылымның 50 жылдығына орай ядросыз әлем құру идеясын жүзеге асыруға шақырды. Бұған қажеттілік туды және тиісті күн тәртібін құру керектігі айтпаса да түсінікті, деді Тұңғыш Президент. Сондықтан «Астана» клубына қатысушы дипломаттар мен саясаткерлер жаңа халықаралық ұйым құру бастамасын талқылауы тиіс екенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– С учетом этого считаю необходимым иницировать создание глобального альянса лидеров за безъядерное оружие. Предлагаю обсудить участникам нашего форума перспективы создания такого международного объединения.

Хабар 24 телеарнасы