Президент Түркістан облысындағы зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырды
- 693
- UPD: 13:35, 02.05.2020

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-де жазды.
«Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылу салдарынан Түркістан облысы Жеңіс және Жаңа тұрмыс ауылдарын су басты. Бүгін премьер-министр А.Мамин мен облыс әкімі Ө.Шөкеев ауыл тұрғындарын эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырдым», – деді Мемлекет басшысы өзінің твитінде.