425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде мыңыншы науқас коронавирустан жазылып шықты

  • 526
  • UPD: 22:25, 03.05.2020
Елімізде мыңыншы науқас коронавирустан жазылып шықты

Елімізде коронавирустан мыңыншы науқас жазылып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Мыңыншы адам Қызылорда облысында тіркелді. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирусқа шалдыққан 30 жастағы науқас айықты. Емдеу курсынан кейін індетті анықтау бойынша 2 рет тестіден өткен. Нәтижесі теріс. Азамат 21 күн үй карантинінде болады. «Алдыңғы қатарда жүрген қаhармандарға алғыс білдіремін», – деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің әлеуметтік желісінде.

Хабар 24 телеарнасы