418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қашаннан бастап 42 500 теңге алуға өтініш беруге болады

  • 378
  • UPD: 16:15, 14.07.2020
Қашаннан бастап 42 500 теңге алуға өтініш беруге болады

Шілде айында жұмысынан айырылған азаматтарға тағы 42 500 теңге төленеді.

Төлемді алу үшін қашаннан бастап өтініш беру керектігі туралы ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ОКҚ брифингінде айтып берді.

«Жоспар бойынша жұма күні бүкіл портал өтініш беруге ашық болады. Ал дүйсенбі күннен бастап, яғни 20 шілдеден бастап төлемдерді тағайындауға кіріссек деп отырмыз. Сондықтан жұма күнге дейін өтініш беріп әуре болмаңыздар. Жұма күні порталдарды ашамыз», - деді министр. 

Бейсенбі күні өтініш беруге қатысты толығырақ ақпарат берілетінін айтып өтті.

Министрдің айтуынша, өтініш беру үшін 42500.enbek.kz порталы, egov.kz порталы, өз бетінше жұмыспен қамтылған жеке тұлғалар үшін Телеграм боттар жұмыс істейтін болады. Оған қосымша қазір Каспи банк пен Халық банк осындай порталдар құрып, халықтың өтініштерін қабылдауға ниет білдіріп отыр.

Айта кетсек, бұл төлем жұмыс істеп жүріп төтенше жағдай кезінде өзінің табысынан, алып жүрген жалақысынан айырылған азаматтарға беріледі. Олар жалдамалы қызметкер, жеке кәсіпкер және өзін жұмыспен қамтып жүрген азаматтар болуы мүмкін.

 

Хабар 24 телеарнасы