379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жас ғалым қоршаған ортаға зиянсыз катализатор ойлап тапты

  • 119
  • UPD: 23:34, 12.04.2019

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының бірі, жас ғалым Хадичахан Рафикова қоршаған ортаны қорғауға барынша күш салып келеді. 

Қазір ол қозғалтқыш отындарын күкіртсіздендіру және оның құрамындағы азоттың көлемін азайтумен айналысады. Жоба сәтті жүзеге асса, сапалы жанармай алуға болады. Сондай-ақ Хадичахан Қазақстанда алғаш рет бірегей ионды сұйықтық негіздегі катализатор ойлап тапқан. Мұнай саласында қолданылатын бұл ғылыми жаңалық экологиялық таза реагенттер қатарына жатады. Яғни осы арқылы химиялық реакцияны анағұрлым жылдамдатып, өнім көлемін ұлғайтуға болады. 

Хадичахан Рафикова, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы:

- Ионды сұйықтық негізінде жасалған катализаторлар экологиялық жағынан өте таза. Атмосфераға ешқандай зиян келтірмейді. Тағы бір ерекшелігі - құрылымы өзгеріп тұрады. Яғни «жасыл катализаторлардың» түр-түрін алуға болады. Жалпы катализаторлар химияның үлкен саласы. Қазір оны әлемнің беделді ғалымдары жан-жақты  зерттеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы