389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда университеттердің жаһандық саммиті басталды

  • 217
  • UPD: 19:23, 19.09.2019
Алматыда университеттердің жаһандық саммиті басталды

Іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен халықаралық беделді QS рейтингтік агенттігі ұйымдастырған жиынға әлемнің 60-тан астам елінен 800-ден аса ғалым мен сарапшы қатысуда. Олар білім, ғылым, озық технологиялар мен рухани құндылықтарды интеграциялау аясында университеттердің болашақ дамуының жаңа моделін талқылауда. Жалпы халықаралық беделді QS рейтингтік агенттігіне әлемнің мыңға жуық университеті мүше. Соның ішінде қазақстандық 10 университет бар.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Біз мына бүгінгі сіздердің жиындарыңыз, басқосуларыңыз, бірігіп айтылатын ұсыныстар, жаңалықтар ол осы Қазақстанның білімінің дамуына үлкен өзінің әсерін тигізеді деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы