Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Неліктен үнемі ұйқыңыз келеді?

  • 753
  • UPD: 20:14, 29.09.2018
Неліктен үнемі ұйқыңыз келеді? YouTube

«Демалыс күндері ұйқымды қандырып аламын, сосын бәрі жақсы болады» деген сөзді ішіңізден айтатын немесе біреуден еститін кездер жиі болады.

Күндіз ұйқы қысуының себебі көп. Арасында күндіз ұйқыңыз келсе, ештеңе емес. Алайда, күнде қатты ұйқыңыз келе беруінің себебі неде?

Түнде қалыпты 7-9 сағат ұйықтасаңыз да, күндіз ұйқышыл болып жүрудің бірнеше себебі болуы мүмкін, деп жазды massaget.kz

1 .Уайымдау

Әрдайым ұйқының келуі өмірдің драмалық жағдайына ағзаның қорғаныш реакциясы болуы мүмкін. Қандай да бір жағдайды уайымдап жүрсеңіз, түнде ұйықтағандай болсаңыз да, демалмайсыз. Ертеңгісін есеңгіреп, ештеңе істемесеңіз де шаршап жүресіз

2. Дене сымбаттылығын сақтап қалуға бағытталу

Мінсіз дене пішінін жасауға көмектесетін диеталар мен идеялардың салдары күндізгі ұйқышылдыққа әкеледі. Әрдайым қанша тамақ жегеніңізді санау, артық жемеу керектігін ойлап отыру және қалағаныңыздан бас тарту психологиялық шаршауға әкеледі. Содан соң мінсіздікке жете алмайтындығыңыз туралы жаман ойлар келе бастайды. Бастысы, «дұрыс» тамақтану туралы ұмытпаңыз. Ағзаға жұмыс істеу үшін күш керек.

3. Шығармашылық күйзеліс

«Шығармашылықпен байланысты адам әрқашан жаңа нәрсе жасап шығарады немесе ойлап табады» деген пікір бар. Сондықтан шығармашылықпен айналысатын адам өзінің жұмысының, өмірінің нәтижесін бағалап жүреді. Аздап үзіліс болса, уайымдай бастайды. Оны қоршаған адамдардың ойы мазалайды. Мұндай уайым ағзаны шаршатады. Сондықтан ағза қорғанып, энергия үнемдеу режимін қосады.

4. Өз-өзін түсінбеушілік

Бұл көбінесе сырттай табысты адамдарға қатысты орын алады. Олар бәрі жақсы болса да, неліктен өздерін нашар сезінетінін түсінбейді. Әрине, бәрі бірдей емес. Олар табыс, сыртқы әдемілік және жастықты бақытты өмірдің кепілі деп санайды. Олай болмаған жағдайда, ішкі қарама-қайшылық пайда болады. Өмірінің дұрыстығына, бақытты бола алатындығына күмән туындайды. Айналасындағы адамдардың «тойынғансың» немесе «нағыз қайғыны көрмегенсің» деген сөздері іштей оқшаулануға әкеледі. Өзін түсінбеушіліктен психологиялық шаршай бастайды. Бұл жағдайда әрдайым ұйқының келуі өзінше қорғаныш болып саналады. Кей адамдар табысты адам түрін жасауға көп энергия жұмсайды. Адам өз құндылықтарын тауып, соның артынан жүру керек. Бұл мәселені өздігінен шешу қиын, сондықтан арнайы маманға барған жөн. Ол сіздің өмірден ләззата алу қасиетіңізді қайтаруға көмектеседі.

5. Күйзелу

Күйзелістің ағзаға зияны туралы бәрі біледі, бірақ күнделікті өмірде одан қашуға тырысатын адамдар аз. Мысалы, кей адамдар телебағдарлама немесе сериал қарағаннан күйгелектене бастайды. Ол күнде демаламын деп ойлап, теледидарды қосады, бірақ нәтижесінде жүйке жүйесі қозады. Келесі күні адам не болатынын біле тұра, сол теледидарды қайтадан қосады. Сол секілді әлеуметтік желідегі «ақылды» жарияланымдарды оқудан көп пайда таппайсыз. Оның орнына кітап оқып, ойыңызды дәптерге жазып отыру басқаша үдеріс екеніне келісесіз бе? Бірақ, адам сол әлеуметтік желіге кіріп, лентаны бір қарап шықпаса, өзін әлемде болып жатырған қызықтардан қалып қоятындай сезінеді. Ал ағза тоқтауыңызды сұрап, "қабылдамау" режимін қосып, болып жатырған жағдайларға қызығушылықтың жоғалуына және әрдайым ұйқының келуіне әкеледі.

***

Қандай жағдай болмасын адамға демалыс қажет. Әрдайым өзіңізді үзіліссіз уәждеуіштермен (мотиватор), тренингтермен және энергетикалық сусындармен ұстап жүрудің қажеті жоқ. Өзіңізді күтуді үйренген жөн. Өміріңізді бағалаңыз.

 

 

Хабар 24 телеарнасы