378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің бірқатар облысында -40 градусқа дейін аяз күтіледі

  • 366
  • UPD: 17:03, 30.01.2019
Еліміздің бірқатар облысында -40 градусқа дейін аяз күтіледі 24tv.ua

Синоптиктердің болжауы бойынша алдағы күндері Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында -40 градусқа дейін аяз күтіледі.

1-2 ақпанда Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде ауа температурасы 27-32, кей жерлерде 35-40 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

2 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында түнде ауа температурасы 28-33, кей жерлерде 37-42 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

31 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Хабар 24 телеарнасы