378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 211
  • UPD: 15:51, 20.05.2019
Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды infoorel.ru

Синоптиктер 21-22 мамырда еліміздің 4 облысында дауылды ескерту жариялады.

«Қазгидрометтің» болжамы бойынша алдағы күндері СҚО, ШҚО, Жамбыл және Қостанай облыстарында қатты жел, жаңбыр мен найзағай күтіледі.

21-22 мамырда Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады 15-20 м/с, 21, 22 мамырда күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерлерде найзағай, бұршақ болуы ықтимал.

Тараз қаласында 21, 22 мамырда күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с күтіледі. 22 мамырда күндіз кей уақытта назағай, бұршақ болуы ықтимал.

21 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде кей жерлерде үсік 1-6 градус күтіледі.

Петропавл қаласында 21 мамырда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және тәңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде топырақ бетінде үсік 2 градус күтіледі

2019 ж. 21 сағ. 20 мамырдың 21 сағ. 21 мамырдың аралығында

21 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, бұршақ, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде кей жерлерінде 3 градус үсік күтіледі.

Қостанай қ: күндіз 21 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

21 мамырда Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршак. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Өскемен қаласында 21 мамырда найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Семей қаласында 21 мамырда найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Хабар 24 телеарнасы