384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 210
  • UPD: 21:09, 24.11.2019
Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидрометтің» болжамы бойынша Ақмола, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облысында күн райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.

25 қарашада Ақмола облысының кей аумақтарында 18 қараша күні тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15- 20 метр жетеді.

25 қарашада Солтүстік Қазақстанда қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Түркістан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 метрге жетеді. Дауыл ықтималдығы 90-95 %.

Хабар 24 телеарнасы