426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Найзағай, тұман: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

  • 454
  • UPD: 16:45, 28.07.2020
Найзағай, тұман: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Қазгидромет.

29 шілде күні Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай болады деп күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде 29 шілде күндіз найзағай күтіледі.

Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде 29 шілде күндіз найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қаласында 29 шілдеде найзағай күтіледі.

29-30 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. 29 шілде күндіз, 30 шілдеде тәулік бойы солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 30 шілдеде екпіні 25 күтіледі. Петропавл қаласында 30 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі. 29-30 шілде күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

29 шілдеде Ақтөбе облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде 29 шілде күні найзағай болады. 29-31 шілдеде кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Тараз қаласында 29-30 шілдеде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

29 шілде күні Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы