378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Бір белдеу, бір жол» жобасына бес жыл толды

  • 262
  • UPD: 12:29, 21.12.2018
«Бір белдеу, бір жол» жобасына бес жыл толды

Биыл «Бір белдеу, бір жол» бастамасына бес жыл. Осы уақыт аралығында стратегиялық жоба нақты нәтижелер көрсетті.

Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бойындағы мемлекеттермен тауар айналымы жыл сайын 4 процентке өсіп отырған. «Соның ішінде көршілес қазақ елімен де сауда-экономикалық, көліктік-логистикалық салада байланыс артты» дейді белгілі сарапшы Яо Пэйшэн. Осы уақыттың ішінде жоба жоспардан нақты іске асқанын айтады. Си Цзиньпин мен Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығында Қытай мен Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» бастамасын әрі қарай дамытып, «Нұрлы жол» бағдарламасымен ұштастырды. Қазір Қытай Қазақстанның екінші сауда серіктесі болып тұр. Бұл өзара саяси сенімділік пен екі елдің стратегиялық әрекеттестігінің жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Жалпы «Бір белдеу, бір жол» бастамасын әлемде жүзден астам ел қолдап отыр. Осы мемлекеттер арасындағы тауарайналымы 5 трлн АҚШ долларынан асқан.

Яо Пэйшэн, Қытайдың Қазақстандағы бұрынғы Елшісі:

- Мен әсіресе екі елдің ауылшаруашылығы саласындағы әріптестігінің нығайғанына тоқталғымкеледі. Бірнеше жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда, қазір Қазақстанның өнімдері біздің нарыққа көптеп кіріп жатыр. Таяуда ғана Сиань қаласында барып, қытай-қазақ байланысының нақты нәтижесін көрдім. Көптеген кәсіпкерлер менен Қазақстан туралы ақпарат сұрап, қай салаға инвестиция салу керектігін ақылдасқысы келеді.

Хабар 24 телеарнасы