378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Д. Ақышев: Автокөлік сатып алуға арналған жеңілдетілген несие импортты азайтуға сеп болары анық

  • 378
  • UPD: 10:07, 05.02.2019

Қазақстанда отандық автокөліктерді сатып алуға арналған жеңілдетілген несие беру бағдарламасы әзірленуде.

Бұл туралы бас банкир Данияр Ақышев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. Жаңа жүйе нарықтық принципке сай жүзеге асырылады.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

– 2019 жылы азаматтарға отандық көліктерді сатып алу үшін арнайы қаржыландыру бағдарламасын ұсынбақпыз. Ол «7-20-25» бағдарламасының үлгісімен несиелерді секьюризациялау механизмі бар банктер арқылы жүзеге асады. Машина құрастыру саласын таңдаған себебіміз, ол да – құрылыс сияқты экономикалық тұрғыда тиімді сала. Бұл бастамамыз импортты азайтуға сеп болары анық.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

– Такие отрасли надо подбирать для кредитования, для покупки. Можно посмотреть еще, какие мощные, крупные, которые дают эффект и здесь, и у производителя товаров.

Хабар 24 телеарнасы