378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміз Кореяның ШОБ корпорациясымен келісімге қол қойды

  • 169
  • UPD: 10:48, 13.02.2019
Еліміз Кореяның ШОБ корпорациясымен келісімге қол қойды

Қазақстаннның кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Кореяның шағын және орта бизнес корпорациясы ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды.

Бұл жөнінде  Сеулде өткен осы ұйым өкілдерінің кездесуінде белгілі болды. Тараптар төрт жыл бойы бірлесіп жұмыс істеп келеді. Атап айтқанда, кореялық корпорация 2017-жылы «Асылдар» атты Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қолдау жүйесін жасап шығарған. Осы жоба аясында еліміздегі 15 компанияның сараптамасы жүргізілді. Бизнесін дамытуға кедергі келтірген мәселелер анықталып, оларды шешу жолдары ұсынылған болатын. «Асылдар» бағдарламасы арқасында кәсіпкерлеріміз тренинтерге қатысып, сарапшылардың кеңесін алған. Жаңа келісім алдағы үш жылда бірқатар бірлескен жобаны жүзеге асыруды қарастырып отыр. Сондай-ақ биыл мамыр айында өтетін «Ұлттық өнім» көрмесіне оңтүстіккореялық компаниялар қатысатын болды.  

Дәулет Әбілқайыров, Кәсіпкерлікті дамыту қоры басқарма төрағасының орынбасары:

- Оңтүстік Корея президентінің Қазақстанға сапары аясында осы елдің шағын және орта бизнес корпорациясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға ниеттіміз. Корея елінің мықты технологиялық паркісі бар. Сондай-ақ, жас кәсіпкерлерді қолдау бойынша стартап-академиясы жұмыс істейді. Сондықтан әріптестік негізі осы бағытта да дамиды.

 

 

Хабар 24 телеарнасы