378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбелік жастардың кәсіп ашуға құлшынысы зор

  • 251
  • UPD: 17:55, 17.02.2019
Ақтөбелік жастардың кәсіп ашуға құлшынысы зор

Мемлекеттік бағдарлама бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқығандар өз кәсібін ашып жатыр. Ақтөбеде былтыр қараша айында арнайы курс бітірген 109 адамның  34-і өз бизнес-жобасын қорғап шыққан. 1 жас кәсіпкер жеңілдетлілген несие алса, 10 қатысушыға мемлекеттік грант берілген.

Жастардың кәсіп ашуға деген құлшынысы қуантады. Азғантай ақша алса да нәпақа табарлық кәсіпті дөңгелетіп отыр. Әлия Қырықбаева алдымен кәсіпкерлік негіздері курсын тәмамдады. Одан соң, бизнес идеясымен байқауға қатысып, 250 мың теңге грант алды. Оған тігін және тоқыма  машинкасын сатып алып, үйінің бір бөлмесін шағын шеберхана қылды.

Әлия Қырықбаева, кәсіпкер:

- Үйде балаларға арналған дүниелер тігемін. Кішкентай бөбектер үшін жастық, көрпе-төсек сияқты жұмсақ бұйымдарға тапсырыс қабылдаймын. Арнайы курс туралы еңбекпен қамту орталығынан білдім. Курсты аяқтаған соң шағын кәсіп аштым. Қазір жұмысым жүріп жатыр.

Ақмарал да шағын грантка кәсіп ашқандардың бірі. Қала маңындағы Заречный-3 елді-мекенінің тұрғындарына полиграфия қызметін көрсетіп отыр. Өзі ұтып алған 250 мың қаржыға заманауи принтер сатып алған. Алдағы мақсаты-кәсібін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашу.

Ақмарал Сүндетбайқызы, кәсіпкер:

- Жалпы мен өзімнің кәсібімді студенттік уақытта бастағанмын. Өзімнің мамандығыма сәйкес, техник-программист мамандығым. Болашақта өзім жұмыс орынын өзім сияқты коллегаларыма, менен кейін оқып жатқан мамандарға жұмыс орынын ашу мақсатында осы жұмысты қалыптастырдым.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша былтыр 938 адам қайта даярлау курсын оқыған. Курс оқығандардың 73 пайызы шағын кәсіпкерлік саласында жұмысқа орналасқан.

Гүлзабира Бисембаева, қалалық еңбекпен қамту орталығының маманы:

- Өткен жылы мемлекеттік гранттар 100 МРП-ға дейін берілді. 19 адамға 4,2 млн теңге көлемінде. Яғни компьютерлік қызметпен айналысуға, шаштараз қызметімен айналысуға, құс шаруашылығымен айналысу мақсатында берілді. Грантқа қатысу үшін жұмыссыз болу керек.

Еңбекпен қамту орталығы биыл бірнеше еңбек жәрмеңкесін өткізуді жоспарлап отыр. Былтыр 18 рет жәрмеңке өтіп, 1500 адам жұмыс тапқан. Жастар жылында әсіресе жас мамандарға қолдау болмақ.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы