384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан - Түркия тауар айналымы 50% өсті

  • 546
  • UPD: 15:39, 24.05.2019

Елордада Қазақстан мен Түркияның сыртқы істер министрлері кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар қос ел арасындағы сауда-саттық мәселесін талқылап, берік байланысты одан әрі нығайту жағын қарастырды. Осы күні Қазақстанда 2 мыңнан аса түркиялық компания жұмыс істеп жатыр. Қос ел арасындағы тауар айналымы соңғы 3 айда 632 млн долларға жетіпті. Бұл көрсеткіш былтырғы нәтижеден әлдеқайда жоғары екен. Тараптар осымен тоқмейілсіп қалмай, сауда-саттық көлемін әлі де еселей беруді жоспарлап отыр.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Сыртқы істер министрі:

– Соңғы үш айда екіжақты тауар айналымының көлемі 632 млн долларға жетті. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда, 50 процентке артық. Қазіргі уақытта елімізде 2 мыңнан аса түркиялық кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Біз арадағы байланысты одан әрі дамыту мақсатында «Жаңа синергия» бірлескен жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз.

Мевлют Чавушоғлу, Түркия сыртқы істер министрі:

– Біз екіжақты қарым-қатынасты барынша нығайта береміз. Түркі әлемінің ақсақалы Нұрсұлтан Назарбаев пен біздің Президент Ердоған нақты тапсырмалар жүктеді. Біз екі ел арасындағы тауар айналымын 5 млрд долларға жеткізгіміз келеді. Бірақ жақсы жұмыс атқара білсек, бұл көрсеткішті 10 млрд долларға жеткізуге болады.

Хабар 24 телеарнасы