386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында «Қарапайым заттар экономикасымен» 11 мыңнан астам жоба жүзеге асырылмақ

  • 175
  • UPD: 11:53, 23.07.2019

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына сәйкес Жамбыл облысында 11 мыңнан астам жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар ауыл шаруашылығын дамыту, өнім өңдеу, жиһаз жасау мен құрылыс саласын қамтыған. Көпшілігі ауылдық жерлерде пайда болады. Жеке кәсіпті дамытуға оңтайлы жағдай тудыру үшін мамандар барлық елді мекендерді аралап, қай бағытта жұмыс атқару керектігін алдын ала зерттеп шықты. Көп жағдайда несие алуға кепілге қоятын мүліктің жоқтығы қолбайлау болады. Сондықтан ауыл халқы банктердің үдесінен шыға алмай жатады. Дегенмен де, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына өңірдің 135 бизнес өкілі қатысқалы отыр. Банктер макарон өндірісі, сүт өңдеу және балабақша ашу сынды алғашқы 9 жобаны іріктеп алған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Қарапайым заттар экономикасының» әлеуетін барынша қолдану керектігін атап өтті. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан 600 миллиард теңге қарастырылған.

Дамир Егізбаев, Инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығының жетекшісі:

- «Қарапайым заттар экономикасы» біздің есептеуімізше, облыстың экономикасын дамытуға үлкен серпін береді. Шамамен 17 мың жаңа жұмыс орыны ашылып, 75-78 миллиард теңгенің қосымша өнімі шығарылады. Облыста жалпы ішкі өнім көрсеткіші 5% артады. Ең бастысы - бұл шағын және орта бизнесті өркендетуге бағытталған жоба. Ауыл азаматтарының кәсіп ашып, өз істерін дөңгелетіп әкетуіне оңтайлы жағдай туады.

Хабар 24 телеарнасы