384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропалық Одақ аумағында тегін роуминг іске қосылды

  • 377
  • UPD: 16:52, 27.04.2017

Еуропалық Одаққа мүше елдердің халқы енді ұйым аумағында ұялы телефонның роуминг байланысы үшін ақы төлемейді.

Мұндай шешімді Еуроодақ кеңесі бекітті. Осының нәтижесінде Одақ азаматтарына басқа елге саяхаттап барғанда қоңырау шалып, хабарлама жіберумен қатар, ғаламторға кіру тегін болмақ. Жаңа заң биыл 15 маусымнан бастап күшіне енеді. Тәртіп Исландия, Лихтенштейн, Норвегия елдеріне де қолданылады. Бірақ Еуроодақтың бұл шешімінің өзге елдердің саяхатшыларына кері әсері болуы мүмкін. Себебі Еуроодақтағы компаниялар осыдан кейін басқа елдерге роуминг құнын өсіріп жіберуі ықтимал.

Ян Борг, Мальта парламентінің хатшысы:

- Біз екі құжат қабылдадық. Біріншісі, роуминг төлемін шектеуге қатысты болса, өзгесі 5G технологиясына жол ашады. Осы арқылы 700 мегагерц диапазонындағы жиілікте сымсыз байланысты ортақ қолдану мәселесін заңдастырдық. 

Хабар 24 телеарнасы