386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда жол апатынан 7 адам бақилық болды

  • 315
  • UPD: 15:25, 13.11.2017

Бразилияның шығысындағы Минас-Жерайс штатында автобус аударылып, 7 адам ажал құшты.

Тағы 13-і түрлі дәрежеде жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер бір науқастың хал үстінде жатқанын хабарлады. Оқыс оқиға кезінде өңірді қалың тұман басқан екен. Алдын ала мәлімет бойынша жол апатына осы жайт себеп болуы мүмкін. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы