384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каталониядағы дағдарыс Испания билігін 1 миллиард еуро шығынға батырды

  • 685
  • UPD: 13:55, 02.01.2018

Ол туралы елдің экономика министрі хабарлайды. Бұл сарапшылардың болжағанынан да әлдеқайда жоғары көрсеткіш болып шықты.

 

Министрдің айтуынша, төртінші тоқсанда автономиялық аймақ экономикасының баялауы байқалған. Ал саяси тұрақсыздық кесірінен 3 мыңнан астам компания мұндағы бөлімшелерін өзге орынға ауыстыру туралы шешім қабылдапты. Айта кеткен жөн, Каталонияда 1 қазанда референдум өткен болатын. Қорытындысы бойынша, дауыс беруге қатысқандардың 90 пайыздан астамы Испаниядан тәуелсіздік алуды қолдаған.

Осыдан кейін жергілікті парламент біржақты тәртіпте егемендігі туралы жария етіп, тиісті қарар қабылдады. Алайда референдумға әуелден-ақ қарсы болған ресми Мадрид автономиялық аймақты өзін-өзі басқару құқығынан айырып, оны тікелей билейтін болды.

Сондай-ақ парламентті таратып, 21 желтоқсанға мерзімінен бұрын сайлау белгілеген. Дода қорытындысы бойынша, автономиялық аймақтың тәуелсіздігін жақтаушы 3 партия парламенттегі 135 орынның 70-іне ие болды.   

 

Хабар 24 телеарнасы