386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығыс Гутадан 52 бейбіт тұрғын шығарылды

  • 373
Шығыс Гутадан 52 бейбіт тұрғын шығарылды israelnationalnews.com

Сирияда Шығыс Гута аймағынан алғаш рет бейбіт тұрғындарды алып шығу операциясы жүзеге асырылды.

Шара сириялық әскерилер ашқан гуманитарлық дәліз арқылы жүргізілді. Бұл жолы қақтығыс аймағынан 52 бейбіт тұрғын шығарылды. Олардың тең жарымы – балалар. Тұрғындардың барлығы Адра мекеніне жеткізіліп, қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Жалпы қазір әскерилер өңірде бейбіт тұрғындар мен қарулы топтарға арнап екі гуманитарлық дәліз құрған. Оның бірі – әл-Вафедин мекенінде болса, екіншісі Млеха ауылында орналасқан. Айта кетейік, Дамаскіге жақын орналасқан Шығыс Гута аймағын оппозициялық күштер 6 жыл бойы бақылауында ұстап келеді. Бірақ өткен жылдың күзінен бастап үкімет әскері өңірге шабуылын күшейтіп, аймақтағы гуманитарлық ахуал нашарлап кеткен.

Хабар 24 телеарнасы