386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Корея музыканттары Пхеньянға барды

  • 382
  • UPD: 15:49, 01.04.2018

Пхеньянға поп-музыкант, спортшылар  мен журналистерден құралған делегация ат басын тіреді.

Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Йонхап агенттігінің дерегінше, 120 адамнан тұратын делегация құрамында солтүстік кореялықтар арасында кең танымал әнші Чо Ён Пхиль, Ред Велвет  және Гёлз Денерейшн топтары бар. Сапар барысында спортшылар да өз өнерлерін көрсетеді. Айта кетейік, оңтүстік кореялық музыканттардың бұл елде концерт бермегеніне он жылдан асып кеткен. Ал Пхёнчханда өткен қысқы ойындарға Солтүстік кореялық спортшылар мен бірқатар жоғары шенді келген соң екі ел арасындағы қарым-қатынас жақсара түсті. Осыдан кейін Сеул де Пхеньянға арнайы өкілдерін жіберді.

Хабар 24 телеарнасы