377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Билеп жүріп, сальто жасаған агент адамды атып алды

  • 510
  • UPD: 21:18, 03.06.2018

Федералды тергеу бюросының агенті «серілік танытамын» деп, абыройдан айырылды.

Барда жұрт көзінше мың бұралып билеген офицер қызып кетіп, артқа қарай сальто жасады. Сол сәтте қайыс белбеуіне тағылып тұрған тапаншасын түсіріп алды. Қызметтен тыс кезде тәртіп керек екені еске түскен агент қаруға қол соза беріп еді, тапанша кенеттен атып жіберді. Қаңғалақтаған оқ барып, сол жерде «шоуды» қызықтап тұрған ер адамның аяғына тиді. 

Оқиға АҚШ-тың Денвер қаласындағы барлардың бірінде болған.

Енді қызметтен тыс кезде қару тағынып, билеген офицердің ісімен тергеушілер айналысып жатыр.

YouTube

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы