384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда Oktoberfest фестивалі басталды

  • 427
  • UPD: 07:54, 24.09.2018
Германияда Oktoberfest фестивалі басталды

Германияда Oktoberfest деп аталатын сыра фестивалі басталды.

Қазан айында өткізілетін дәстүрлі фестиваль биыл 185-рет өткізілмек. Екі апта бойы жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары орталық алаңда неміс сырасын сіміріп, ұлттық тағамдардан дәм татып, мерекені тойлайды. Мұнда әйгілі Бавария шұжығы, тұзды тоқаштар мен даршын қосылған тәттілер елдің түкпір-түкпірінен әкелінген. «Ауа райының қолайлы болуы өте маңызды, сонда ғана сыра қайнатушылардың тасы өрге домалары анық», – дейді Мюнхеннің мэрі Джозеф Шмидт. Биылғы шараға 6 миллионға жуық адам келеді деп күтілуде. Осы орайда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, 600-ге жуық полицей жұмылдырылған.  

Айта кетейік, Oktoberfest 1810 жылдан бері өткізіліп келеді. Ұйымдастырулардың айтуынша, биыл фестивальден мемлекет қазынасына миллиард еуро түсуі тиіс. Мерекелік шара Мюнхеннен басқа Германияның бірақатар қаласында тойланады. Фестиваль 7 қазанға дейін жалғасын таппақ.

Маркус Зёдер, Баварияның премьер-министрі:

- Oktoberfest сияқты мейрамға қатысу – мен үшін үлкен бақыт. Фестиваль өте жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін. Осы жаңа шарада қызмет атқаратын полицейлер мен құтқарушылар осылай деді. Менің ойымша, ұйымдастыру жағы өте тамаша.

Хабар 24 телеарнасы