387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия 2038 жылдың аяғына дейін көмірден толығымен бас тартады

  • 388
Германия 2038 жылдың аяғына дейін көмірден толығымен бас тартады

Германия 2038 жылдың аяғына дейін көмір қолданудан толығымен бас тартпақ.

Қазіргі кезде елдегі электр қуатының 40 пайызы осы отыннан өндіріледі. Немістер біртіндеп көмір жағатын стансаларды жауып, ауаға кететін зиянды қалдықтардың мөлшерін азайтуға ниетті. Үкіметтік комиссия осындай шешім қабылдаған. Ал көмір өндіретін федералдық аймақтар субсидия алатын болады. Германия электр энергиясын жаңғыртылатын қуат көздерінен өндірмек. Еске сала кетейік, осыдан бір ай бұрын елдегі соңғы көмір шахтасы жабылған.

Константин Цергер, Deutsche Umwelthilfe энергетика және ауа райын қорғау бөлімінің басшысы:

– Табиғат қорғаушылар үшін бұл – үлкен жетістік. 2038 жыл көмір дәуірінің соңы болып белгіленгеніне ризамыз. Енді осы бағдарламаны заң түрінде бекіту маңызды. Алайда Париждегі ауа райы бойынша конференцияда қойған мақсаттарымызға жету үшін бұл жеткіліксіз. Біздің мақсатымыз – экологияға зиян келтіретін көмір электростансаларын жабу.

Хабар 24 телеарнасы