384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ryanair әуе компаниясы шығынға батты

  • 462
Ryanair әуе компаниясы шығынға батты focus.ua

Соңғы 9 айда ең ауқымды еуропалық лоу-костер Ryanair табысы 22 процентке төмендеп, 1 миллиард еуроны құрады.

Ирландық компанияның айтуынша, бұған себеп – билет құнының төмендеуі. Яғни әуе тасымалы 4 процентке, адам басына 41 еуроға дейін арзандаған. Бағаның төмендеуінен жолаушыларды тасмалдау бағыттары артқан. Компания қолжетімді ұшып-қону үдерісі жаз айына дейін сақталады деп отыр. Айта кетейік, Ryanair компаниясы жылына 142 миллион адамды тасмалдайды. Күніне 37 ел бойынша 200 бағытта 2500-дей рейс жасайды. Лоу-костерде билет құнының арзан болуы бортта қызмет түрлерін шектеуден туындаған. Жалпы Ryanair өткен жылы еуропалық бөлімшелердегі ұшқыштар ереуілі мен жанармай бағасының қымбаттауы сынды мәселелерге тап болған.

Хабар 24 телеарнасы