389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Сириядағы әскерін күрдтерге қарасты қалада қалдырады

  • 589
  • UPD: 14:45, 06.03.2019
АҚШ Сириядағы әскерін күрдтерге қарасты қалада қалдырады

АҚШ өз әскерін Сирияның Табка қаласында қалдырмақ ниетте. Қазір бұл елді мекенді Вашингтонның қолдауымен күрдтер өз бақылауында ұстап отыр.

Аймақ тұрғындарының саны артып келеді. Естеріңізге салайық, өткен жылдың желтоқсанында ақ үй басшысы Дональд Трамп Сириядан 2 мыңға жуық жасағын шығаратынын мәлімдеген еді. Алайда Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон Ақш әскерінің елден шығуы бірқатар мәселелерге байланысты болатынын айтты.

Хабар 24 телеарнасы