383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда уран сатпақ болған екі күдікті ұсталды

  • 368
  • UPD: 22:06, 13.03.2019

Грузияның курорттық қаласы Кобулетиде заңсыз уран сатпақ болған екі күдікті ұсталды.

Бұл туралы елдің Ұлттық қауіпсіздік қызметі хабарлады. Жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша қылмескерлерден Уран-238 радиоактивті изотопының 40 граммы тәркіленген. Мамандардың айтуынша бұл шикізат адам өміріне аса қауіпті.    

Савле Мотиашвили, Грузия Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеушісі:

- Жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша күдіктілер Уранды заңсыз түрде 2 млн 800 мың АҚШ долларына сатпақ болған. Тінтуде табылған заттар бірден сараптамаға жіберілді.  Оның қорытындысы бойынша Уран-238 атты радиоактивті изотоптың 40,19 граммы қолды болған.

Хабар 24 телеарнасы