379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

  • 182
  • UPD: 15:27, 18.03.2019
Индонезияда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

Индонезияның Папуа қаласындағы жүргізілген құтқару жұмыстары барысында су тасқыны салдарынан қаза тапқандардың саны 63-ке жетті.

Бұған дейін табиғат апатының құрбандарының саны 58 деп хабарланған болатын. Тағы 20-дан астам адам түрлі деңгейде жарақат алған. Із-түссіз жоғалғанғандары да көп. Тасқыннан ең көп зардап шегіп жатқан Джаяпур қаласы. Өңірден құтқарушылар 120-дан астам тұрғынды эвакуациялады.  Одан бөлек қатты ағын он шақты үй мен 2 көпірді қиратып кеткен. Апат аймағында мамандар жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы