379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапондар «Убердің» жобаларын қаржыландыруға ниетті

  • 69
  • UPD: 12:37, 11.04.2019
Жапондар «Убердің» жобаларын қаржыландыруға ниетті

Әлемде жүргізушісіз көліктерге үлкен мән берілуде. Әсіресе «Убер» компаниясының технологиясына қызығушылық басым.

Өткен жылдың наурыз айына дейін бірлестік бұл салада көшбасшы болды. Бірақ Аризона штатында осындай темір тұлпардың адам қағып, бірлестік робот көліктерінің қаладағы қызметін тоқтатты. Алайда өткен айда жапониялық «СофтБанк Груп» инвесторлары «Убердің» жобаларын қаржыландыруға ниет білдірді. Бұл компанияның жүргізушісіз көлік саласындағы ізденістерін жандандыра түсетіні анық.

Хабар 24 телеарнасы