389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ пен Мексика шекарасында мыңнан астам мигрант ұсталды

  • 150
АҚШ пен Мексика шекарасында мыңнан астам мигрант ұсталды

АҚШ-тың шекара қызметі Мексикамен шакаралас жерде 1 мың 36 заңсыз мигрантты ұстады.

Кірмелер Техас штатындағы Эль-Пасо шекарасын кесіп өткен. Ақ үй басшысы Дональд Трамп жуырда Мексикадан ағылған мигранттарға қатысты мәлімдеме жасайтынын хабарлады.

Айта кетейік, жыл басынан бері Құрама Штаттарына Латын Америка елдерінен 300 мыңға жуық адам табан тіремек болды. Олардың үштен бір бөлігі кәмелет жасқа толмағандар.

Хабар 24 телеарнасы