386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда лай көшкінінен 12 адам қаза тапты

  • 162
Қытайда лай көшкінінен 12 адам қаза тапты Униан

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуйчжоу провинциясында екі лай көшкіні жүріп, 12 адам қаза тапты.

Тағы 40-тан астам тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Алғашқы табиғи апат Хэчжен уезінде болды. Таудан аққан лай-батпақ құрылыс алаңына түсіп, 1 адам көз жұмып, алтауы жоғалып кетті. Ал екінші оқиға Люпань-шуй қаласына жақын жерде болып, 11 адам қаза тапты. Апат орынына жеткен мамандар тек 11 тұрғынды құтқарып алды. Тағы 34 адам табылмай жатыр. Қазір көшкін жүрген екі ауданда да іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы