386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Йеменде хуситтер араб коалициясының әскери шеруін талқандады

  • 137
  • UPD: 18:20, 01.08.2019

Йеменнің Аден аймағындағы әскери шеру кезінде шабуыл жасалды. Иранмен одақтас хуситтер қозғалысы зымыран ұшырып, дронның көмегімен жарылыс ұйымдастырғанын мәлімдеді.

Шабуыл кезінде 32 әскери қаза тапты. Олар Йемен үкіметіне жақтас Сауд Арабиясы коалициясының әскерилері болатын. Опат болғандардың арасында командир де бар. Хуситтердің ресми телеарнасы хабарлауынша, әскери шерудің ойранын шығару үшін орта қашықтықтағы зымыран жіберілген.

Хабар 24 телеарнасы