386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде қару-жарақ қоймасындағы жарылыстан екі адам зардап шекті

  • 145
  • UPD: 21:24, 05.08.2019
Ресейде қару-жарақ қоймасындағы жарылыстан екі адам зардап шекті russian.rt

Ресейде қару-жарақ қоймасы жарылып, соңы алапат өртке ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Краснояр өлкесінің Ачинск ауданындағы әскери бөлімде болған. Белгілі болғаны, жарылыс артиллериялық оқ-дәрі сақтайтын қоймадан шыққан. Жойқын жарылыстан екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір қауіпті аумақтан тұрғындар шұғыл түрде көшіріліп жатыр. Ал, қызыл жалынды сөндіруге 2 өрт сөндіру пойызы аттанған.

Хабар 24 телеарнасы