386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда орман өрті өршіп тұр

  • 98
  • UPD: 15:29, 25.08.2019
Бразилияда орман өрті өршіп тұр

Бразилияның Амазон аймағындағы орман өрті күн сайын көбеюде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы 2 күнде тағы 1600-ден астам өрт ошағы тіркелді. Ал үш аптадан бері лаулаған жалын 800 мың гектардан астам жерді күлге айналдырған. Лаулаған отты сөндіруге ірі ұшақтар қолданылып, әскерилер жұмылдырыла бастады. Алайда кей саясаткерлер өзге елдердің көмегінсіз оларды өшіру мүмкін емес деп отыр. Ал ресми дерекке сүйенсек, Бразилияда жыл басынан 72 мыңнан астам өрт ошағы тіркелген. Елде экологиялық ахуал нашарлап, қоғамда президент Жаир Болсонаруға қарсы наразылық күшейген. Ал мамандар «ғаламшардың өкпесі» деп аталатын Амазон өзені аймағындағы ормандардың қалпына келуі үшін 200 жыл қажет», дейді.

Хабар 24 телеарнасы